Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:47, 22 Қараша 2020

Арбат театр сахнасына айналды

None
None

Үшінші мегаполисте мәдени астана жылының салтанатты жабылу іс-шаралары өтуде. Осыған орай Арбат демалыс орны алып театр сахнасына айналды.

Қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары осында. Театрлар мен әртістер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Арбаттың кіреберісінен көрерменді қарсы алған әзіл-сықақ театры сахналық көрініс ұсынып, мерекелік нөмірін ортаға салды.

Одан кейін "Қызыл трактор" өнер тобы ерекше көрініспен қуантты. Заманауи және ұлттық стильді ұштастырып, өзгеше костюммен ерекшеленген өнерпаздар алып ер-тұрман пішініндегі инсталляция айналысында би биледі.

Арбатта, сонымен қоса, қазақ, орыс және өзбек театрлары бірлескен қойылым әзірлеп, ән-жырмен қоса сахналық көріністерін паш етті. Жонглерлар мен басқа өнерпаздар да Арбаттан табылды.

Бүгінгі мәдени іс-шараның тағы бір ерекшелігі — жанды «мүсіндер». Өнер иелері батыр, абыз ақсақал, музыкант және суретші кейпінде қозғалмастан тұрып, қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.

Тегтер: