Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:32

Аргентиналық жартылай қорғаушы «Қайрат» сапын толықтырды

1
Фото: из открытых источников

Алматылық «Қайрат» клубы жаңа легионермен келісімшартқа отырды. Аргентиналық жартылай қорғаушы Хуан Себастьян Себальос ресми түрде «Қайрат» ойыншысы атанды. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшымен жасалған келісім 2027 жылдың соңына дейін күшінде болады.

Хуан Себастьян Себальос Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясына қарасты Хосе-Мария-Хауреги қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболдағы жолын «Лос Андес» клубында бастап, кейін «Индепендьенте Ривадавия» мен «Тальерес» клубының екінші командасында өнер көрсетті.

Аргентинадағы мансабынан кейін жартылай қорғаушы Боливия чемпионатына ауысып, елдің жоғары дивизионында ойнайтын «Реал Оруро» клубының негізгі құрамында доп тепті. Өткен маусымда Себальос командасының басты тіректерінің біріне айналып, 40 матчта алаңға шығып, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас авторы атанды.

Жаңа ойыншының «Қайрат» сапындағы өнері клубтың шабуыл әлеуетін күшейтіп, алдағы маусымда маңызды рөл атқарады деп күтіліп отыр.

Тегтер: