Әріптес әзілі

Жуырда Жамбыл облыстық «Ақ жол»газетіне бас редактор болып тағайындалған Оралхан Дәуіт «Жас Алаштың»оқырмандарына жақсы таныс.
«Жас Алаштың» Жамбыл облысы бойынша меншіктітілшісі, бас редактордың орынбасары болған Орағаң өз ортасында, орайы келгенде,осып түсер әзілдерімен де белгілі. Біз журналистер мерекесі қарсаңындаәріптесіміздің әр ортада айтқан әзілдерін жиып-теріп, оқырманмен бөлісуді жөнкөрдік.
Өз орнымызды ауыстырасалмаймыз ба?
Оралхан Дәуіт қайбір жылыЖамбылдан шығатын жастар газеті «Арайға» бас редактор болып тағайындалғанда,облыстың бас басылымы «Ақ жолдың» сол кездегі бас редакторы Ғалым Қасабайағамыз бір топ әріптесімен құттықтап келеді. Ғалекең тілектестігін білдіріп,сөз аяғында: «Маған 4-5 тілшіңді бер, біздің журналистерді «Арайыңа» ал.Тілшілер тәжірибе алмассын», – деп ұсынысын айтады. Сол сәтте Орағаң табанда:«Өйтіп тілшілерді топырлатып ары-бері ауыстырып әурелегенше, өзіміз орнымыздыауыстыра салмаймыз ба?» – деп, әдемі жол тауып кетіпті.
Көзіңізқарайып жүрген шығар?
Орағаңды ауылдағы жеңгелерініңбірі көрген сайын «күннен-күнге қарайып бара жатырсың ғой, қайным» деп, қараторылығынқайта-қайта айтып, қалжыңдап, қажай беретін көрінеді. Шыдамның да шегі бар емеспе, тағы бірде жеңгесінің: «Түу, Астанада қызмет етсең де ағармапсың, қайтаодан бетер қарайып кеткенбісің?» – деп қағыта жөнелгенінде, Орағаң: «Мүмкін,сіздің көзіңіз қарайып жүрген шығар?» – деп қойып қалыпты.
Ерекшетой
Орағаңның жақын бір ағасы ердіңжасы елуге толып, ұлан-асыр той істемекші болады. Сөйтіп, алдымен ағайындыжинап ақылдасады. «Елу жасқа күн сайын толып жатқам жоқпын ғой. Осы тойдыөзгеше, әйтеуір, бір ерекше, жаңа технологиямен өткізсек деген ойым бар. Меніңтойым елдің есінде қалатындай, ел айтып жүретіндей ерекше той болса… Қандайойларың бар? Соны ақылдасу үшін өздеріңді әдейі жинадым», – депті.
Әркім әртүрлі ұсыныс айтып, бірі«мықты асаба табу керек», екінші біреу «өнерпаздар алдыру керек» деп, ойларынортаға салып жатқанда, үндемей отырған Орағаңнан«сен қандай ұсыныс айтасың» деп сұрапты.
Сол кезде орнынан тұрған Орағаң:
– Аға, не айтайын… Тойды жаңа технологиямен өткізсек дейсіз. Ойыңыздұрыс. Бірақ қазіргі жаңа технология – тамшылатып суғару емес пе? Сондықтантойда арақ-шараптың шөлмектерінің беліне жіп байлап, төмен қаратып тамшылатыпқоймасақ, басқа жаңашылдық көрмей тұрмын, – деп, жиналғандарды ду күлдіріпті.
Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы