Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:43

Арнайы мемлекеттік қор арқылы өңірлерде 482,5 млрд теңгеге жобалар жүзеге асырылуда

Инфрақұрылымдық даму
Фото: ашық дереккөз

2025 жылғы 17 желтоқсанда ҚР Қаржы министрі Мади Тәкиев қалпына келтірілген қаражаттың өңірлерді дамытуға бағытталып отырғанын мәлімдеді.

 Оның айтуынша, қайтарылған активтер Қаржы министрлігі жанынан құрылған Арнайы мемлекеттік қорға (АМҚ) шоғырландырылып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалуда. Қазіргі уақытта қор қаражаты есебінен жалпы құны 482,5 млрд теңгені құрайтын 465 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар өңірлік дамуға, халыққа қысқа мерзімде нақты әлеуметтік әсер беретін бастамаларға басымдықпен бағытталған.

Министрдің дерегіне сәйкес, бүгінде сумен жабдықтау саласында жалпы құны 205 млрд теңгеге бағаланған 258 жоба әзірленуде. Денсаулық сақтау саласында 151 млрд теңгеге 183 жоба жоспарланған. Сонымен қатар өңірлерде ірі спорттық инфрақұрылым нысандарын салуға дейін 66 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Бұл жобалар халықтың базалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және өңірлердегі өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Мади Тәкiев аталған салаларды қаржыландыру ауызсуға қолжетімділікті жақсартуға, медициналық қызмет сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды жедел дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Әсіресе инженерлік инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда бұл жобалардың маңызы ерекше.

Қазіргі таңда Арнайы мемлекеттік қордың ресурстары 103,4 млрд теңгеге жеткен. Бұл қаражат алдағы уақытта да өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, жол, су, әлеуметтік нысандар салуға және халықтың күнделікті тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады. Мемлекет осылайша қайтарылған активтерді қоғам игілігіне тиімді пайдалануды көздеп отыр.

 

Тегтер: