Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:24, 24 Қараша 2021

Арон Атабек қайтыс болды

None
None

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін 68 жасында қайтыс болды,-деп хабарлайды «Жас Алаш».

Бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева айтқан. 

— Ауруханада жүрегі тоқтап қалды, — деген ол Азаттық тілшісіне. 

1 қазанда Павлодардың №2 соты Арон Атабекті (Едігеев) сырқатына байланысты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, түрмеден босатқан еді. 15 жылын түрмеде өткізген ақын бостандыққан шыққан соң Алматыға оралған.

Бостандыққа шыққаннан соң Арон Атабектің халі нашарлап, Алматыдағы ауруханаға коронавирус диагнозымен жеткізілген еді. Кейін оның өкпесі қабынғаны да хабарланған.

Атабек бір айдан бері ауруханада жатқан еді. 11 қарашада қарындасы Рәзия Нұтышева Арон Атабектің реанимация бөлімінде комада жатқанын, жағдайы нашар екенін айтқан.

"Қаншама ақуыз құйып жатыр, бірақ сіңбейді. Салмақ қоспай жатыр. Әлі трубка арқылы тамақ ішеді. Тамақ тамыр арқылы құйылады. Әбден өлейін деп қалған кезде [түрмеден] босатып отыр ғой. Коронавирусы азайған дейді, бірақ өкпесін түсіру үшін басқа жаққа ауыстыру керек екен, себебі клиникада ондай құрылғы жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Оны алып тастаса, бірден тынысы тарыла бастайды. Қан қысымы төмендеп кетеді" деген еді сол кезде қарындасы.

Тегтер: