Арселор Миттал Теміртау компаниясының 4 маманы пеш бұзу кезінде қаза тапты.
" Құрылысмет " ЖШС аумағында жұмыс жасамай тұрған термиялық пешті бұзу барысында төтенше жайт орын алды.
" Арселор Миттал Теміртау " компаниясының мамандары " Құрылысмет " ЖШС аумағында ұста — пресс цехындағы іске қосылмаған термиялық пештің отқа төзімді материалдарын бұзу кезінде оның күмбезі құлап кеткен.
Үйіндінің астында бес адам қалып қойған. Төрт адам оқиға орнында қайтыс болған. Жарақат алған бір адамды ауруханаға жеткізген.
Ауруханаға түскен зардап шегуші 1994 жылғы. Оның жағдайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы «есін біледі, жағдайы тұрақты, бірақ маңдайында ауыр жарақаты бар. Хирург, нейрохирург, реаниматолог мамандары науқасты жан жақты қарап тексеріп жатыр »,- деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс жасап жатыр.Оқиғаның себеп салдары анықталуда.