Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:00, 24 Желтоқсан 2019

Арыста қыз алып қашпақ болғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None

Түркістан облысы Арыс қаласында «қыз алып қашпақ болған» тұрғындардың үстінен «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Азаттыққа облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова айтты.

Қаракөзованың сөзінше, оқиға 23 желтоқсанда Арыс қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Күдікті қызды үйлену үшін алып қашқан. Полицияға қыздың шешесі арызданған. Жәбірленуші де, күдікті де – Арыс қаласының тұрғыны.

Оқиға жайлы видео 23 желтоқсанда Instagram желісінде тараған. Департаменттің хабарлауынша, қазір осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан қоғамында «Қыз алып қашуды» салт ретінде қарайтындар және оны қылмыс деп санайтындар да бар. Қазақстанда «қыз алып қашу» оқиғаларының жеке есебі жүргізілмейді. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» бабымен іс қозғалады.

Құқық қорғаушылар билікті «қыз алып қашуды» жою үшін оның есебін жүргізіп, Қылмыстық кодекстен жеке бап арнауға шақырған.

Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр? please wait Embed Бөлісіңіз
Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/29375715.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: