Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:17, 15 Қараша 2019

Асхат ӨМІРБАЕВ. Саяқ

Біз бір күні бес қабатты, жетпісбес отбасы тұратын үйде жалғыз қалдық. Жетпісінші жылдары салынған үйдіңпәтерлері бірінен-соң бірі қаңырап, иесіз қалып жатты.

Бала болсақ та елесжайлап алғандай пәтерлерінен үдере көшкен көршілерімізден айырылып қалғанымызжанымызға батты. Бірге ойнайтын балалар да сиреп, ауланы көңілсіздік басты. Көзтаныс көршілерімізді көшіріп әкетуге келген жүк көліктерінің соңынан мұңаяқарап тұрушы едік. Көшкендер пәтерінің есік-терезесін бұзып, еденің түгелсыпырып әкетіп жатты. Күн сайын екі-үш үйдің тұрғыны ортақ үйді тастап, басқажаққа қоныс аударды. Ашық-шашық терезеден соққан күздің ызғарлы желі денеміздідірдек қақтырып, қаңырап қалған, кеш батқанда қараңғылық құшағына енгенпәтерлер үрейімізді ұшыратын. Үйдің қап-қараңғы кіреберісінде, баспалдақтарғажатып алып мяулайтын қап-қара жабайы мысықтарға тіксініп, сүрініп кетсеңомақаса асыратын дәліздерді аттап, жүрексіне үшінші қабатқа көтерілеміз. Аюдыңапанындай ауызы аңырайып қалған егесіз пәтерлердің жел тербеген сықырыбойымызға қорқыныш ұялатып, жүрегіміз дүрсілдей жөнелетін. Қараңғы кіреберістеқол шам жағып, алға ұмтыла түсеміз. «Асқар тоқташы, қорқамыз!» — дегеніні-қарындастарым үрпейісе қолымнан ұстап, мені қоршап алады. Күн сайын осылай.Үйге кіргенде анамызды көңілсіздік басып отыратын.

— Бүгін Болаттар да көшіпкетті. Біз енді жалғыз қалдық, — деді анам бір күні. Жылаған ба, екі көзіқып-қызыл. Онысын бізге білдіргісі келмей, теріс айналды.

— Біз қашан көшеміз, мама! –деп сұрап, анамның жанын жаралаған Әсем қарындасымды кінәлай алмадым.

— Әкелерің Үштөбеге жұмыс іздепкеткелі үш ай болды, бір хабарласпады. Өткенде пойызда сауда жасайтын біркеліншек әкелеріңнің күріш егетін кәрістерге жалданып, жұмыс істеп жүр екен депайтты. Ақшасын бермесе де, күріш беріп жіберсе де болар еді.

— Ура! Папам күріш әкеледі,күріш жейтін болдық, — деп дауыстап жіберді жеті жасар Саян інім. Күнде жейтінетсіз, пияз-картопсыз құр кеспе көжеден әбден ығыр болса керек. Тамақты қыратындәмсіз көже кейде болмай да қалатын.   

— Мама, мен папаны сағындым, — деді бес жасар қарындасым Самал. – Ол қашан келеді,  ә? Маған әдемі қуыршақ әкеп береді ғой, иә?

Анам үндемеді. Теріс қарап,жеңімен көзін сүртті. Суық бөлмеде бүрсектеп, құр суға піскен қол кеспеніжалғажау еткен біз, жылы жамылғыны оранып, бір бұрышқа үрпейісе отырып қалдық.Бөлме ортасында маздап жанып тұрған шамға үміттене қараймыз. Балауыз алатынақша жоқ, шешем шүберекті шиыршықтап, майға батырып, екі бұрышына от тұтатқан. Іні-қарындастарымныңкөздері жылтырап, алакөлеңке қабырғаға жиһаздардың сорайып түскен көлеңкесінеқарап, аузын ашып қарап қалыпты. Көңілсіздікті сейілткім келіп:

— Міне, көрдіңдер ме? Мынау ит!Аф-аф! – деп алакөлеңке бөлменің қабырғасына саусақтарымды жақындатып, басбармағымды бүгіп, шынашақты қимылдаттым.

— О, мен қоян жасаймын! – дедіқарындасым Әсем.

— Ал, мен өрмекші жасаймын,міне қарашы, қандай қорқынышты! – деді Саян бауырым дауысын зорайтып.

— Ал, мен машина жасаймын,папам келіп бізді көшіріп әкетеді, — деді Самал. Бәріміздің ауызымыз аңқиып,анамызға қарап қалдық. Ол қабағын төмен түсірген күйі үнсіз отырды.

— Жатыңдар, ертең сабаққабарасыңдар! – деді анам жекігендей. Қабағын шытқанын көрмесек те, үніненызғарлы леп есіп тұрды.  

— Мама, ертең не киіп барам,туфлиден аяғым тоңды, — деді қарындасым сұрауға батылы әрең жетіп. – Қыздаркүздік етік киіп жүр.

— Ертең киіп бара тұр, Гүлмайраныңқызында артық аяқ киім болса, беретін шығар, — деді анам. Гүлмайра дегентолықша келген апай біз ауқатты тұрған кезде үйден шықпайтын. Анам бізге тәттітоқаш, тортты жиі пісіретін. Екеуі күнде шүйіркелесіп шәй ішіп отыратын.  Ауылдан осы қалаға он бес отбасы көшіп келгенеді. Біздің үй асхана секілді болатын: бәрі біздің үйден шықпай, ас ішетін. Басымызғакүн туғанда ағайын-туыстай болып кеткен  ауылдастардыңбірі келіп хәлімізді сұрамағанын түсіне алмадым.

Бір кезде жылы көрпеге қойыпкеткен іні-қарындастарым ұйықтап кетті. Мен ертең не жейтінімізді, үйді қалайжылытарымызды ойлап, ұйықтай алмадым. Ол кезде мен небәрі тоғызыншы сыныпқа көшкенедім. Бойым аласа, өзім бұйығы болып өстім; мені көрген біреу алты-жеті оқитынбала екен деп ойлап қалатын. Өзімнің тым кішкентай болғаныма жыным келді.Мектептен келген соң бөтелке, темір-терсек теріп, қабылдайтын орынға өткізіп жүрдім.Болмашы тиын-тебен қолыма түскеніне қуанып, дүкеннен бір-екі бөлке нан алғандақуанғанымды көрсеңіз. Бірақ мен нанды сирек алатынмын, өйткені сол ақшаға біркелі ұн алсам, анам бізге нан да, кеспе көже де істеп беретінін білетінмін. Таңата көзім ілініп кетіпті. Түсімде мол дастархан көрдім: үстінде аппақ нан, қызылбауырсақ самсап жатыр екен.

*  *  *

Оңтүстіктті бетке алып,тізбектеле ұшқан тырналардан көз алмадым. Аспан қорғасындай түнеріп, күнніңалтын инелерін жерге сығалатпай-ақ қойды. Саяқта қысы-жазы мазасыз жел соғып,құмды суырып тұратын. Мейірімсіз мезгіл бүрсектеген біздерге қырын қарағандайазынаған суық желін үдете түсті.

Біздің елді мекен Балқашқаласынан шығысқа қарай орын тепкен. Аулада домино ойнап отыратын ақсақалдар Саяқкен орны отызыншы жылдары ашылғанын  жырқылып айтады. Елуінші жылдары зерттеліп, қалашық бой көтеріпті. Бірде қалатарихы жайлы қариялардан сұрағанымда, «Е, мұнда ғалым, академик ҚанышСәтпаевтың өзі келіп, руда шығара бастаған» деп сыр суыртпақтай жөнелген. Саяқ,Тастау, Молдыбай деген кен орындарында әкем жиырма бес тонналық «Белаз» көлігіменмыс тасыды. Саян екеуіміз қызық көріп, кабинасы құрқылтайдың ұясындай жүккөлігіне отырып, әкемізбен бірге жиі түнгі сапарға шығатынбыз. Айналма шұңқырастындағы алып эксковаторлар ауыр жүк көліктерін бұйым құрлы көрмей, қалағымен төртрет тиегенде-ақ шанағын толтырып тастайды. Карьер ортасы терең құз, төменқарасаң басың айналады. Біз, әсіресе, жүк көлігінің шанағы көтеріліп, төреңшұңқырға кен төккенде қатты қорқатынбыз. Құдды ауыр салмақ артқа басып кетіп, көліктерең құзға құлап кетердей. Төменде алып эксковатор вагондарға кен тиеп жатады.«Саяқ – 1 Мраморный» кен орнынан қара, ақ түсті мрамор да шығатын.  Біз қала маңында үйілген фортепианоныңбетіндей теп-тегіс тастардың үстіне шығып, ортекедей секіріп, қуаласпақойнайтынбыз. Анам қала орталығындағы «Кенші» мәдениет үйінде күзетші болыпеңбек етті. Бірақ екі-үш жылдың айналасында карьерлер жабылып, бір кезде елгеәйгілі, дүркіреген қала өлі қалаға айналды. Мекемелердің есігіне қара құлыпсалынып, аман қалғандарында адам саны азайған. Бұл қырсық біздің отбасын даайналып өтпеді: әкем де, анам да жұмыстан қысқарып қалды.  

— Осы Саяққа бекер келгенекенбіз. Ауылда тұра бергенде ғой, бау-бақша егіп, ауызымыз көкке тиер еді. Тымболмаса ағайынның арасы ғой, біреуі малын, біреуі ұнын беріп, көмектесер еді, — деді шешем аштық қинап, ашқұрсақ болған біздерге жаны ашып.

Анамды сондай аяп кеттім.Байқұс анам бізді асырау үшін не көрмеді? Күнде біреуден бір табақ ұн сұрап, жалыныпжүргенін көргенде тамағымнан ас өтпей қалатын. Сондай кезде менің де көңілімбосап, оңашада жылап алатынмын. Әсем екеуіміздің әкеміз бөлек еді. Анам бізгеекі-үш айда бір рет алимент келетінін айтып отыратын. Кейде мүлде келмей қояды.Мен — төрт жаста, Әсем екі жаста болғанда екеуі ажырасып кетіпті. Бірде мен «Мама,Әсем екеуіміздің фамилиямыз неге бөлек?» деп сұрағанымда, «Сендер арғыаталарыңның атына жазылғансыңдар» деп айтып еді. Сол кездегі жауабы өтірікекенін анам қазір бізге неге айтып отыр? Мүмкін, әкесі бөлек екенін білсіндегені шығар. Кішкентай кезімізде мұны айтқан емес. Бірақ мен әкемді көзімеелестете де алмаймын. Бір сөзінде анам мені әкемнің үйіне жіберіп, оқытпақшыболғанын айтты.

— Әкелеріңнен алимент те келмейқойды. Ұн сататын әйел ақшасын сұрап қоймай жүр. Әні берем, міне берем депқоям. Әсем, сен бірге оқитын Айманнан бір табақ ұн сұрашы. Міне, саған қырықтеңге, осыны Айманға бер, — деді анам.

Үйде жейтін ештеңе қалмады. Тоңазытқыштатек Саяқтың жоталарынан теріліп, банкіге тұз салып салат жасалған ащы жуа ғанабар. Кеше кешкісін пісірілген дәмсіз көже тамақты қырып, ішкіміз келмеді. Асқазаншұрылдай берген соң амалсыз іштік. Кішкентай болсақ та болмашы ұнды суға шылап,плитаның бетіне қойып күлше пісіріп жейтінбіз. Жарық үшін ақы төлемегінімізүшін қиып кеткеннен кейін о да көзден бұл-бұл ұшты. «Жылу бермесеңдер де,жарықты өшірмеңдерші, шиттей бала-шағам бар» деп анамның зар қақсағанына дақараған жоқ. Ол аз болғандай «Ұнның ақшасын бермедің» деп саудагер әйел үйдегіжалғыз кілемді алып кетті.  Мен қалаадамдарының қатегіздігіне таң қалдым. Шешем көрші болған Болат ағаға жалыныпжүріп жарықты қайта қосқызып алды.                        

 

* * *

Түу биіктен, ұшақтан  қараған адам айдалада бұл неткен саяқ жатқанқала деп таңырқар еді. Бәлкім, шаһардың Саяқ аталуының өзі өркениеттен алшақжатқанымен өзектес болса керек. Тынымсыз пойыз гүрсілі мен мойыны ұзынмұржалардан шыққан қара түтін қаланың бүлкілдеген тамыр соғысы секілді. 

Қаланың оңтүстік-батысындаорналасқан біздің үйге көз тастадым. Сұрықсыз, еңсеңді басып тұратын қала құддыекінші дүние жүзілік соғыстан кейін қаңырап, иесіз қалған үйлерді елестетті.Әне, тұрғындар ең алғаш болып иесіз тастап кеткен, сиықсыз тұрпатымен көзгеоғаш көрініп тұрған № 10-шы үй. Соның жанында біз тұрған № 6 туралы тамашаестеліктер қалыпты. Бізбен бірге көшіп келген ауылдастардың көбі мыс шығаратынкарьерде жұмыс жасады. Әке-шешемнің жұмысы барда ішетін тамағымыз, киетінкиіміміз де болды. Біз анамыздың пісірген тәттілерін тысқа алып шығып,балаларға үлестіретінбіз. Қаланың балалары біздің берген печенье, прәндіккеқарық болып, бірге ойнайтын. Бірақ біздің жағдайымыз нашарлаған сәтте бәрі күртөзгерді. Ауылда бір бәлішті бөлісіп жеп жүрген ескі достарым бізден терісайналып кетті. Олар аулада бауырсақ, кәмпит жеп тұрса да бөліспейтін болды. Оларданбір нәрсе сұрап жеуге намысым жібермеді.  Ауылда тұрғанда мұндай болматын еді.

Әнеу, ортада тұрған № 12-ші үй.Біз бұл үйдің бірінші қабатында да тұрдық. Егер Қанаттың әкесі ішіп келіп, краннансуды ағызып, төбемізден сорғалатпағанда әлі де тұра берер ме едік. Бірақ қазірбұл үйдің тұрғындары да сирей бастаған. Қазір тұрып жатқан № 14 үйде жападанжалғыз қалдық. Бізден басқа ешкім тұрмаған соң әрі жарықтың ақшасынтөлемегеннен кейін электрші ағай келіп, тоқты бағананың төбесінен қиып кетті.Жылу да, жарық та жоқ, тіпті ішетін ауыз суға да зәру болып қалдық. Осынауқираған көпқабатты үйдердің ортасында орналасқан № 6-шы Саяқ орта мектебіненшыққан Әсем қарындасым үйге көңілсіз оралды.

— Мама, мен үй жаққа қайтуғаұялам, — деді жыламсырап. — Бәрі «Сен қайда бара жатырсың? Ол жақтағы үйдеешкім тұрмайды ғой» дейді.  Мен бұзылғанүйде тұрамын деп қалай айтам. Сосын бәрі мені мазақтайды ғой. Сосын олар кетіп қалғансоң ешкімге білдірмей, үй жаққа жүгіре жөнелемін.

Расында, біз тұратын үйдіңартындағы № 15 үй де иесіз қалған: одан әрі жапан дала, көзге көрік беріптұратын бір тал болсайшы. Иесіз қалған жап-жаңа үйлерді көргенде «Шіркін, осыүйлер Алматыда болғанда ғой, алматылықтар есік-терезесін өздері-ақ салып, біркүннің ішінде көшіп келер еді» деп армандайтынмын. Міне, сол даңғарадай үйде жалғызтұрып жаттық. Қарсы беттегі № 8 үйде досым Болатбектің отбасы тұрады. Үйде жарықболмаған соң Болатбектің үйіне барып теледидар көреміз. Досымның отбасы дажұпыны өмір сүреді. Бір тәуірі, наубайханада істейтін анасы күніне екі бөлкенан әкеледі.

Осы қаңырап қалған алты үйдіңортасында өзім оқитын № 6 Саяқ орта мектебі орналасқан. Көпқабатты үйлердетұратын қала тұрғындары Саяқтың солтүстік-шығыстындағы жер үйлерге қоныстанабастады.  Біз қарнымыз ашқан кезде жемісағашы бар коттедж үйлерді жағалайтынбыз. Ағашқа тас лақтырып, қоршаудың сыртынатүскен жемістерді теріп алып, басымыз ауған жаққа қашамыз. Иттері абалап,соңымыздан қуа жөнелетін. Мектептен келген соң мыс, аллюминий жинамақ болыпқаланы кезіп кеттім. Болатбек досым екеуіміз қанша іздесек те, мандытыптемір-терсек таба алмадық. Сосын тоналып кеткен трансформатордың ішіне кіріп,металдарды түгел үптеп кеттік. Ертеңінде иесіз қалған көп қабатты үйлердіңжертөлелеріндегі мыс крандарды ағытып, олжалы болдық. Темір-терсекті өткізіп,екі бөлке нан алдым. Қарнымыз шұрылдап үйге қайттық. Жолда наннан бір үзімжегім келіп, сілекейім шұбырды. Көз алдымда мені күтіп отырған анам менбауыр-қарындастарым келді. Иісі бұрқырған нанды жей алмадым. Батып бара жатқанқып-қызыл күнді алма тосабына, ақша бұлттарды қанттан жасалған тәтті мақтағаұқсаттым.

* * *

Қарашаның қара суығына әреңшыдадық. Бораны алай-дүлей желтоқсан айы да келіп, бізді мұқатқандай азынайкетті. Қара жер сұп-суық ақ көрпесін жамылды. Жанымыз сірі болса да, жарықсыз,жылусыз, сусыз қалай шыдайық, анам кешке:

—  Қой, көшпесек болмас, ертең қала орталығындағыүйлерден пәтер іздеп келемін, — деді. Біз бізге бір пәтер табылып қалар,әйтеуір адамдардың арасына барсақ болды деп ойладық. Ызғарлы суық суық пәтерде бойымыздықалтыратып, көңілсіздік жайлады. Анам күні бойы қаланы аралап, бос үй іздеді.Түсте төртеуіміз сыры кетен, пышақ тілімдеп тастаған дастархан басында асіштік. Үйде бір тілім ғана нан қалыпты. Анам пісірген нанды төртке бөлдім.Әрқайсымызға үш-төрт түйірден тиді. Мен бір тілім нанды ауызына салдым да, қарашайды сораптадым. Саян інім шыдамсыз еді. Рафинант қанттың көлеміндей үш-төрттүйір нанды ауызына бірақ тыға салды да, тағы нан сұрады. Мен ашуланып кетіп:

— Бірақ жұта салмай, отыз екірет шайна, міне былай, ауызмен дәмін көр, — деймін. Інімнің қөздері жыпылықтап,қорыққаннан шайнаған болады. Артынан бір кесе қантсыз қара шәйді ұрттай салды.

— Міне былай, нан қоқымыншашпай, сыпырып жеп қойсақ, бай боламыз, — деймін. Іні-қарындастарым байболамыз дегенді естіп, нан қоқымын сыпырып, ауызына тосады.  

Түс ауа анам ентігіп үйге жетті.Бақытымызға орай бір пәтер табылыпты.

— Бүгінен қалмай көшіп алайық, — деді анам. «Көшеміз» дегенге біз, балалар, мәз-мәйрам болып, жүгіміздібуып-түйе бастадық. Мұнда біз уайымдайтындай ешнәрсе қалмады. Ауыз суды басқаүйлерден тасып ішіп жүрдік. Бәрінен қиыны – дәретханаға бару мұң болды. Құжат,киетін киім-кешек, ескі теледидар мен тоңазытқышты қол шанаға салып, теміржолбекетінің жанындағы № 70 үйдің екінші қабатындағы пәтерге көшіп бардық.Болатбек досым көшуге көмектесті. Қыста қараңғы ерте түседі, көз байланыр шақболып қалған.

— Әзірге керек заттарымыздытасып алайық, қалағанын ертең алармыз, — деді анам. Даңғарадай ғимаратта жалғызқалған біздің есігімізді біреу сындырып кете ме деп қорқушы едік, көшкенімізгеқатты қуандық. Жаңа қонысқа келген соң әбден сілесіміз қатып, жерге көрпе төсеп,киімшен жата кеттік. Таңертең оянсақ, үйдің іші азынап тұр екен.  Желтоқсанның ызғарлы желі гуілдеп, ішке үрлептұр. Қолмен терезені сипадық. О, сұмдық-ай! Қолымыз терезе ағашынан әрі өтіпкетті. Терезеге целлофан қағып, суықтан құтылдық. Бір қиыны  — бұл үйдің дәретханасы болмай шықты. Көшкендеиелері алып кетті ме, әлде біреу бұзып әкетті ме екен? Қайта пәтер іздеуге туракелді. Үшінші күні біз көшіп келген үйдің жанындағы № 2 үйдің бірінші қабатынанжаңа пәтер табыла кеткені. Көршілерден сұрастырсақ, иелері есікті құлыптап,басқа жаққа көшіп кетіпті. Ол кезде бүкіл қала халқы үдере көшіп, абыр-сабыр болыпжатқан. Ешкімге айтпай, тапқан пәтеріміздің есігін бұзып, көшіп алдық. Бізкеткен соң иесіз қаңырап қалған № 14 пәтерге барсақ, біреулер ваннамызды ұрлапкетіпті. Оған аса қайғыра қойғанымыз жоқ, әйтеуір жиһаздарға ешкім тиіспепті.Жиһаз дейтіндей, бар-жоғы бір ескі шифонер, үш бөлікті айна мен екі темір төсекғана бар еді.

Адамдар тұратын үйге келген соңкөңіліміз орнына түскенімен, қарнымыз шұрылдауын қоймады.  Оның үстіне электр жарығын төлеуге ақшатаппай, қатты қиналдық. Алимент екі-үш айда бір-ақ келеді. Анам аз төлеу үшінэлектр жарығын есептегіш құралдың шынысының саңылауына ши тығып, тоқтатыптастайтын. Ақы төлеуге санаулы күн қалғанда тізгінді босатып қоя береді. Контролеркеліп, аз ғана киловат жағылғанын көріп:

— Сіздер, неге жарықты азжаққансыздар? – деп сұрайды. Жарық ұрлады деп күдіктенетін секілді. Бірақ пломбаорнында болған соң тиісе алмады.

— Біз кешке бір-екі сағат ғанасвет жағамыз, — дейді анам. – Балалар сабақтан келген соң ұйықтап қалады. Ертежатамыз.  

Контролер басын шайқап, кетіпқалды.

Сәуір айында Әсемнің туған күніболды. Үйде мол дастархан жаятын ештеңе жоқ. Анам буын бұрқыратып бір бөлке нанпісіріп, төртеуіміздің ортамызға қойды да:

— Балаларым, мынаны торт депойлаңдар. Қарындарың тойғанша жеңдер, — деді. Ас ішкен сайын бір-екі тілім нанғана жейтін біз, таба нан тауысылғанша сүйсіне жедік. Сол нанның дәмі ауызынан көпкедейін кетпеді.

Көктемде анам Үштөбеде жүргенәкеме бармақшы болып Саян мен Самалды алды да, пойызға мініп кетті. Мені бірағайынның үйіне тапсырды. Әсемді Моңғолиядан көшіп келген, баласы жоқ отбасығатабыс етті. Оралман көршіміз Тоқанға: «Екі-үш күнге ауыл жаққа барып келемін,оған дейін Әсем сіздердің үйлеріңізде бола тұрсыңшы» деген. Әсем бөтен үйгебала болып, мектепке барып сабақ оқып жүрді. Мектептен қайтқанда бірге оқитынкластастары мазақтап:

—  Әсем, Тоқанның қызы! Оралман, – деп келекеетті. Оған қарындасым кәдімгідей ренжіп қалады.

— Мен Тоқанның қызы емеспін, — деп ақталады қарындасым.

Ертеңінде Тоқан мен әйелі тауғабарып жуа термекші болды. Әсемді үш аяқты мотоциклдің люлкесіне отырғызады. Үшеуіжуа теріп келе жатқанда үйдің алдында ойнап жүрген қыздар мотоцикде отырғанӘсемді көріп: «О, Тоқанның қызы келді» деп ауланы басына көтереді. Әсем ызаланып:«Иә, мен Тоқанның қызымын. Ал, маған не істейсіңдер?» деп өшіге түседі. ЕртеңіндеТоқанның әйелі Әсемді шақырып алып: «Әсем, дүкенге барып төрт тауық алып келші»деп қолына болмашы тиын-тебен ұстатыпты. Алақанындағы ақшаны санаған Әсем:«Тәте, мынаған тауық келе ме? – деп таңқала сұрапты.

— Иә, келеді. Мынандайтөртбұрышты тауық, — депті қолымен нобайын көрсетіп.

— А, «Галина Бланка» ма?

— Иә, иә, сондай тауық.

— А, жарайды,  — деп күлді Әсем. Міне, осындай қызықтарғакүліп, бір сәт бақытты болып қаламыз.

Үш күнге кеткен анамыз бір аптадансоң бірақ оралды. Қайтарға ақшасы болмай, кешігіп қалған екен. Анам үйге келгенсоң Үштөбедегі кәрістерге жалданып жүрген әкемнің бір күн сау болса, бір күнішіп жүретінін айтты. Кәрістер ақшасын дұрыс төлемейді екен. «Тамақ жедің!» депайлығын бермей қойыпты.

— Әкелеріңе айттым, Саяқта қалаберсек аштан өлеміз. Ауылға барып жер тырмаласақ та өлмеспіз. Саяқтан көшеміндедім. Әкелерің «Көшсеңдер, көшіңдер» деп отыр, — деді анам. Ол ертеңіндетеміржол вокзалына барып, вагонға тапсырыс беріп келді.

— Әкелеріңе хабарласып: «Бірайдан кейін вагон келеді. Көшуге ақша салып жібер» айттым, — деді шешеміз. Бізбұл хабарға қатты қуанып қалдық. Бұл біз үшін Бурабайға барып демалғанан мыңесе артық еді. Анам әкемнің Үштөбеден бір шағын үйді көргенін, иесі ақшасын бөліптөлеуге келіскенін айтыпты. Бау-бақшасы егілген тамаша жер дейді. «Шіркін-ай,тезірек көшіп барсақ қой. Мына балконға түбіт мұрт жуадан басқа не өсіресің?Күзде егілген қызанақ, қиярды өз қолымызбен жұлып, қарнымыз әбден тойғаншажесек қой» деп армандап кеттік. Бір ай бір жылға татығандай әрең өтті. Үштөбеденшешемнің бауыры Берікбай келіп жеткен. Көшіріп әкетуге бар болғаны мың жарымтеңге ғана әкеліпті. Өзі қызу көрінеді.

— Ойбай, мына не? Беріпжіберген ақшасы осы ғана ма? – деп шыр-пыр болды шешем.

— Иә,  - деді бауыры күмілжіп.

— Ой, осы Сайлау қызық, мынаақшамен қалай көшіріп әкетейін деп отыр? Вагон болса келіп тұр. Вокзал бастығыбүгін-ертең тиеліңдер, пойыз сендерді күтпейді деп отыр, — деді шешемкүйіп-пісіп. Ертеңінде анам бес жүз теңгеге спирт алды да, мың теңгесіне көлікжалдады. Су қосылған спиртке сылқия тойып алған ауланың жігіттері үйденжиһаздарды шығарып, көлікке тией бастады. Бір кезде көрші Тоқан жетіп келсін.

— Көрші, бізді қалдыра көрме.Мына Саяқтан көшпесек болмас. Сен бізді ала кет, біз тіл білмейміз. Бізді кімкөшіріп әкетеді, — деп қолқа салды. Анамның вагон жалдағаны үшін төлейтінақшасы жоғы есіне түсіп:

— Вагон бастығына бір үйдіңдүниесін ғана тиеймін деп едім, қалай болар екен? – дейді анам ойланып. 

— Ойбай көрші, ақшасын төлеймізғой. Бізді көшіріп әкетпесең болмайды. Сөйт, ол жақта біздің ағайындар бар.Соларға барамыз. — деп  жалына бастады.

— Әй, жарайды, — деді анамқолын бір сілтеп. — Бірақ бөлек жанұя екендеріңді айтып қоймаңдар!

— Ойбай, айтпаймыз, — деп екеуіқуанып кетті. Іле- шала Тоқандардың артынан шешеммен ауылда бірге өскен Мейрамбайаға жетіп келсін. Өзі керемет картожник еді. Аласа бойлы, төртпақ денелі кісі.

— Әй, Райхан, бізге айтпай өзіңкөшіп барасың. Мен де ауыл жаққа көшейін деп едім, мені тастамай ала кет, — деді үйге кірген бойда. – Ауылға бармасам әбден күйім кетіп қалды.

— Ойбуу, Мейрамбай, сені қалайалып кетем, қазірдің өзінде төрт мәшине жүк болды. Өзім  ғана көшемін деп вагонға тапсырыс бердім ғой.

— Ала кетсеңші енді, ақшасынтөлейміз ғой.

— Әй, Мейрамбай, менің жүгімвагонның бір бұрышына сыйып кетеді. Тоқаннің жүгі бар. Бәрін қайда сыйдырам. Қазіртапсырыс берсең бір айдан кейін вагон келеді. Соны күт, — дед анам илікпей.

— Ойбай, Райхан, көшпесемболмайды. Менің жүгім көп емес. Ақшаңды төлеймін, — деді тықақтап.

— Жарайды, — деді анам амалсызкеліскендей. — Бірақ үш отбасы көшіп барамыз деп айтушы болма! Егер біліп қойса,жүгіңді орта жолда түсіріп кетеді.

— Ойбай, үндемеймін. Бәлесіненаулақ! Айтып нем бар?– деп Мейрамбай жас баладай томпаң қағып үйіне жүгірежөнелді.    

Біздің үйдің дүниесі Газ-53 жүккөлігінің жартысына сыйып кетті. Мейрамбай ағаныкі бір жарым мәшине болды.  Құдай-ау, Тоқандардың үйінен шыққан дүние үшмәшине әрең сыйды ғой. Моңғолиядан келген қандасымыз гаражына темір-терсек,ағаш, есік-терезе, ваннаға дейін жинап қойыпты. Перронның тең жартысы үйжиһазына толып кетті. Бір кезде вокзал бастығы анамды шақырып алды.  

— Сіз бір үйдің жүгін тиейміздеп едіңіз, мына жүгіңіз үш үйдің жүгі ғой. Сіздерді үш үй болып көшіп баражатыр деп естідік.

— Ой, сіз білмейсіз бе, біз — оралманбыз. Цыганский табор дегенді білесіз бе? Біз – солмыз. Біз бәріміз — бірүйміз. Бізде үлкен үй, ортаншы үй, кіші үй деген болады, — дегенде вокзалбастығы басын шайқап:

— Ой, Боже мой! Жарайды,ақшасын төлеп көше беріңіздер, — деді. Сөйтсек, «Машинаны күзет, көшіп жүргендебіреу-міреу дүниені қағып кетпесін» деп тапсырған шал бір шишаға қызып қалып,айтып қойса керек.

— Ойбай, ана шал бәрінбүлдірді. Екеуін Саяқта қалатын болдыңдар. Мен жұқалап сөйлесіп көрдім. Көнетінемес, — деді анам қара аспанды басына төнкеріп.

— Өй, Райхан, дұрыстапсөйлесеңші! Қалай қаламыз? Қала алмаймыз ғой, — деп Мейрамбай ағаның көзібақырайып кетті.

— Үндеме. Вокзал бастығыменөзім сөйлесем. Вагон жалдағаным үшін тоғыз мың теңге сұрап жатыр. Мен үш мыңқосам, сендер де үш мыңнан беріңдер, — деп анам Тоқан мен Мейрамбектің ақшасыналып, кассаға алты мың теңге төледі. Сөйтіп, жүктің бәрін вагонға тиеп, Саяқтанкөштік. Осы бір берекесі жоқ қаладан көшкенімізге үлкендер тұрмақ, біз балалар,қатты қуандық. Осы бір ит байласа тұрмайтын Саяқтан көшіп бара жатқанымызғасеніңкіремей тұрмыз. Әйтеуір, ертеңгі күніміз бұрынғыдан жақсы болатын сияқты.  

— Пойыз теңселіп жүріп кеткендеанам «уһ!» деп терең тыныс алды. Сегіз ай бойы көрген қорлығы енді ғана еңсесінезіп, бар ауыртпалық иығынан басып шаршатқандай отыра кетті. Тоқан, Мейрамбайағаның езуінде бір күлкі бар. Көшкендер емен-жарқын әңгімелесіп, шәй ішебастады. Шамасы, мына қарғыс атқыр қаладан көшіп бара жатқанына қуанатынсекілді. Балалардың екі беті нарттай қызарып, жарқылдай күліп, ойнай бастадық.Кеудемізде беймәлім бір қуаныш бар. Тоқан мен әйелі тыққан құрт-ірімшігін,пісірген бауырсағын шығара бастады. Құр кеспе көже мен бірер тілім нан жеп,қарнымыз тоймай ашқұрсақ болып жүрген біздер үшін бұл үлкен бір олжа болды.Құртты сорып, ауылдың әнін айта бастадық. Кеудемізді қуаныш кернеп, көпке дейінұйқымыз келмеді. Түннің бір уағында Ақтоғай стансасына да келіп жеттік. Пойызорнынан қозғалмай жарты сағат тұрып қалды.

— Мен қазір не болып жатқанынбіліп келейін, — деп анам сыртқа шығып, вокзалға беттеді.  Іле-шала қайтып келді.

— Біздің вагонды пойызданағытып тастапты. «Ақшасын төлемесеңдер, қалдырып кетеміз» дейді. Осы жердеқалатын түріміз бар. Қазір тексерсе, екеуің далада қаласыңдар, — деді анам.Тоқан мен Мейрамбай тығылып көшіп келе жатқанынан қорқып:

— Ойбай, бәлесінен аулақ,сұраған ақшасын берейік. Тұқымы құрысын, әйтеуір ауылға аман-есен жетіп алсақболды, — деп  ақшаларын шытырлатып санапберіп жатты. Сәлден соң тепловоз жаңа вагондарды тіркеп, біз отырған вагондыілестіріп, сүйрей жөнелгенде терең тыныс алдық.

— Көрдіңдер ме, ақша беріпедік, сөзге келмей алып кетті. Әйтпесе, келесі пойыз келгенге дейін қақиыптұрар едік. Ол алып кете ме, алып кетпей ме, белгісіз, — деді анам маңғазданып,үлкен бір іс тындырғандай. Құлаққа түрпідей тиіп, тарс-тұрс еткен пойыздоңғалағының дауысын «Саяқтан мәңгілік алыстап барамыз» деген тәтті ой басыпкетеді. Кішкентай разьезге келген сайын іні-қарындастарым «Үштөбеге келдік пе?»деп сұрай береді. Жалт-жұлт етіп көзді арбаған шамдар бақытты өміріміздің жарқынсәті басталып келе жатқанын аңғартқандай.

Жүйіткіген пойызбен Матайға декеліп жеттік. Анам әдетінше «Ойбай, ақша жинайық, ауылға жақындап қалғандаМатайда қалатын жайымыз жоқ» деп екі серігінен тағы ақша сыпырып алды. Аспандажұлдыздар үнсіз жымыңдайды. Құдды «Асқар, сендер қаладан біржола көшіп, ауылғабарып бақытты боласыңдар. Көресің әлі, біз айтқандай болады» дейтіндей. Балажүрегім жақсылыққа жақындап келетінін сезеді.

Таң ата көзім ілініп кетіпті.«Асқар, тұра ғой, Үштөбеге келдік» деді анам. Жалма-жан басымды көтеріп,терезеден сыртқа көз тастадым. Алыстан Үштөбенің самаладай жарқыраған шамдарықуанышқа бөлеп, үміт сәулесіндей елестеді.  

* * *

Жұпыны көңіліміз жұмаққажеткендей жайланып сала берді. Еңсемізді езіп тұратын қаладан құтылғанымызғақатты қуандық. «Ауыл деген рахат екен» ғой дедім іштей. Үйіміз болмаған соң жалғызөзі тұратын Әкежан әжеміздің жертамына қоныстандық. Дастархан үстінде анам көзжасын бір сығып алды да:

— Кезінде көп адамғажақсылық жасап едім. Сол жақсылығым Құдайдан қайтты. Аллаға рахмет! Саяқтанқұтылғанымыз қандай жақсы болған. Тоқан мен Мейрамбайдың арқасында көшіп келдікқой, — деді.
Тегтер: