Асқазан қыжылы неден пайда болады және оны қалай емдеу қажет

Асқазан қыжылы(изжо́га) – көкірек тұсынан басталып, өңешке дейін созылатын кеуде тұсындағы жайсыздық немесе ашығандай әсер алу. Бұл көбінесе асқазаннан өңештің сілті ортасына түсетін қышқылдың әсерінен пайда болады.
Медицинада мұны асқазан сөлі қышқылының артуының белгісі деп қарайды. Мұндай сезім көбінесе тамақтан кейінгі бір сағаттан соң, не қалыпсыз дене әрекеті мен ауыр дене еңбегінен кейін білінуі мүмкін. Сонымен қатар, қыжыл диафрагмальды жарықта, асқазан жарасы, гастрит, эзофагит кезінде де пайда болады.
Адамдардың ас ішу уақытының тұрақты болмауы, асқазан қыжылын тудыратын басты себептердің бірі. Егер адамдар біраз уақыт тамақ ішпей аш жүріп, бірден тоя тамақтанса, болмаса тамақтан соң дереу ұйықтап не моншаға түссе, ас қорту кезінде асқазанға қажетті оттегі толық жетіспейтіндіктен бұл асқазанның созылуына, кейін келе асқазан қыжылына алып келеді. Сондықтан астан соң ешқандай дене әрекетінсіз аз уақыт кеудені тік ұстап отыру пайдалы. Медицинада қыжыл жүрек қан тамырлары және жүйке жүйесі аурулары әсерінен де пайда болады деп қаралады.
Асқазан қыжылынан жүкті әйелдер де көп зардап шегеді. Себебі токсикоздың әсерінен олар көп құсады, құсықтың әсерінен өңеш тітіркенетіндіктен, әрі жүктіліктің екінші бөлігінде уақытша болатын асқазанның кардиальді бөлігінің функциональды жетіспеушілігінен асқазан қыжылы пайда болады. Мұндай кездерде тамаққа тәбет азаяды. Асқазан ауруы бар науқастарда қыжыл көбінде кекірумен қатар келеді. Мұндай дертке шалдыққан науқастардың тамақтанған соң көкірек тұсы ашып, ыңғайсыздық пайда болады. Көбінесе қыжыл түзу жатқанда, еңкейгенде күшейеді.
Халық арасында асқазан қыжылын емдеудің бірнеше жақсы тәсілдері бар. Солардың ішіндегі ең коп қолданылатын түрі кәдімгі ас содасын қолдану арқылы қыжылды басу. Бір стақан қайнаған жылы суға бір шымшым ас содасын араластырып суды суытпай ішу керек.
Асқазан қыжылы бар науқастар жылы минеральды су, сүт ішуге дағдыланғаны дұрыс. Себебі сүт асқазанға ең жеңіл әрі пайдалы тағам. Кей жағдайларда медициналық көмір ұнтағын сумен араластырып ішу арқылы да қыжылды басуға болады.
Асқазан қыжылын басудың тағы бір тиімді жолы картоптың жаңа сығылған сөлін пайдалану. Бұл бір жағынан созылмалы гастриттің алдын алуға да әсер етеді. Картоп сөлін тамақтан 15-20 минут бұрын күніне 4 рет 1/4 стақаннан ішіп тұрсаңыз емнің өнімділігін екі аптадан соң-ақ байқайтын боласыз. Егер қыжыл басылса емделуді тоқтатпаған жон. Бұл тәсілді асқазан жұмысын жақсарту үшін күніне екі рет қабылдай беруіңізге болады.