Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:39

Әскерде жарақат алған Ербаян емнің екінші кезеңі үшін Түркияға жол тартты

Ербаян Мухтар

Әскерде жарақат алған Ербаян емнің екінші кезеңі үшін Түркияға жол тартты.

Сарбаз ата-анасымен бірге Стамбулға ұшып кетті. Адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, бұл жолғы толық оңалту кезеңі Ербаянның тағдырындағы шешуші сәт болмақ.

Бұл ретте емдеу шығындарын мемлекет өз мойнына алған. Үш айлық реабилитацияға қаржы бөлінді, ал жол шығынын Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі қамтамасыз еткен.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүргенде жарақат алған еді. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз миына зақым алып, комаға түскен. Әскерилер ол дәретханада құлап, басын соғып алғанын хабарлаған болатын.