Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

Әскери сот сарбазға қатысты өкілеттігін асыра пайдаланған офицерге үкім шығарды

Сарбаз
Фото: ашық дереккөз

Алматы гарнизонының әскери соты бағыныштысына қатысты өкілеттігін асыра пайдаланған офицерге үкім шығарды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, офицер әскери қызметшіге менсінбей қараған, оған күш қолданған, сондай-ақ демалыс уақытында заңсыз жұмысқа тартқан.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Офицер өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, материалдық және моральдық шығынды өтеуге дайын екенін айтқан. Қорғаушысы жазаны жеңілдетіп, бір жарым жылға шектеуді сұрады.

Жәбірленуші соттан айыпталушыны заң аясында қатаң жазалауды және келтірілген шығынды өндіріп беруді талап етті.

Сот офицерді кінәлі деп таныды. Жазаны ауырлататын мән-жай ретінде оның әскери антты бұзуы ескерілді.

Сот үкімімен оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол «аға лейтенант» әскери шенінен айырылды.

Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық өтемақы өндірілді.

Тегтер: