Live

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды

Алматыда жол апаттарының алдын алу мақсатында өткен «Стоп – бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық нәтижелері жарияланды.

1

Алғашқы екі күннің өзінде 4 828 жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Оның ішінде:

🔺жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару – 44 жағдай;

🔺куәлігінен айырылғандардың қайта рульге отыруы – 8 факт;

🔺жалған нөмір қолдану – 8 дерек;

🔺қарсы бағытқа шығу – 15 жағдай.

Тексеру қорытындысы бойынша 2 мыңнан астам автокөлік айыптұраққа қойылды. Олардың қатарында шетелдік нөмірлі көліктер де бар.

 

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз