Live

Алматыда LRT құрылысы жүріп жатқан жолдарда көлік кептелісі пайда болды

Алматыда 5 қазан күні таңертең Момышұлы және Төле би көшелерінде көлік қозғалысы қиындап, үлкен кептеліс пайда болды.

Г

Бұған LRT құрылысы аясындағы инженерлік желілерді қайта жүргізу жұмыстары мен жауын-шашын әсер еткен.

Момышұлы көшесінде жөндеу жүргізілген аумақта топырақ отырып, су жиналған шұңқырға автобус түсіп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушілер көлік қозғалысын қалпына келтіруге өздері көмектескен.

Төле би көшесінде де жағдай күрделенді. Куәгерлер LRT құрылысы аумағындағы қоршаудың құлап, жолдың бір бөлігін жауып қалғанын хабарлады. Төле би – Розыбакиев қиылысында да кептеліс болған.

Алматы әкімдігі нөсер жауын салдарынан кейбір учаскелерде топырақтың отырғанын растады. Қазір мердігер ұйым жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа райы тұрақталғаннан кейін асфальт толық жөнделмек.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз