Live

Қазақстанда тағы бір университетке ұлттық мәртебе беріледі

Қазақстанда тағы бір университетке ұлттық мәртебе беріледі

Тоқаев

 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беріледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Шымкентті еліміздің оңтүстігіндегі ірі ғылыми-білім беру орталығына айналдыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазір ғылым, мәдениет және зияткерлік дамудың негізгі орталықтары – Астана мен Алматы. Ендігі кезекте Шымкент тұр. Мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, аталған университет – өңірдегі ең ірі жоғары оқу орны. Қазір Шымкенттегі әрбір бесінші студент осы университетте білім алады.

Тоқаев ұлттық мәртебе оқу орны мен салалық министрлікке үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Сондай-ақ президент Қазақстанда әлемнің 11 елінің жетекші университеттері филиалдарын ашқанын хабарлады. Оларда 12 мыңнан астам студент білім алып, 1,5 мыңға жуық оқытушы жұмыс істейді. Оның 600-ден астамы – шетелдік профессорлар.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Тоқаев
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз