Live

Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

Энергетикалық сусындар

Қазақстанда жас ұрпақтың денсаулығын қорғау мақсатында энергетикалық сусындарды өндіруге, елге коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға қатаң тыйым салу туралы бастама көтерілді. Бұл туралы "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Бекдайыр Нығметұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, петиция жариялады.

Қоғамдық бірлестік өкілдері балалар мен жастардың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселенің өте өзекті екенін атап өтті.

"Балаға қалдырар ең қымбат мұрамыз – дені сау болашақ. Әке ретінде де, азамат ретінде де ұрпағымыздың саулығына бейжай қарай алмаймын", – деді Бекдайыр Нығметұлы.



Негізгі талаптар мен ұсыныстар:
🔺Энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта импорттауға және сатуға толық тыйым салу.
🔺Үкіметтен бұндай сусындардың саудасына, соның ішінде интернет пен жеткізу қызметтері арқылы сатылуына және жарнамасына шектеу қоятын арнайы заң жобасын әзірлеуді сұрау.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз