Live

Қазақстанда онлайн-платформалар мен БАҚ қызметіне қатысты жаңа талаптар мақұлданды

Құрылтай онлайн-платформалар мен масс-медиа қызметін реттеуге қатысты екі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген.

журналистика

Жаңа түзетулерге сәйкес, құқыққа қайшы контент таратқан онлайн-платформаларға әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Сондай-ақ Қазақстан аумағында мұндай материалдарды жою туралы уәкілетті органның нұсқамасын орындамаған платформалардың өкілдіктері де жауапқа тартылады.

Бұдан бөлек, онлайн-платформалардың Қазақстандағы өкілдіктері заңда белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге міндеттеледі. Ал масс-медиа мен онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолданғаны үшін де жауапкершілік қарастырылады.

Заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты бірқатар талап та бар. Атап айтқанда, БАҚ мемлекеттік органдардың ресми жауаптарын арнайы таңбалауы тиіс.

Ал теле- және радиоарналар еркін қол жеткізілетін арналар тізбесіне енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде хабар таратуға кірісуі керек.

Сонымен қатар заңнамаға "аудиовизуалды платформа" деген жаңа ұғым енгізіліп, мұндай платформалар операторларының қызмет тәртібі айқындалады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз