Шымкентте жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі көз жұмды
Шымкентте жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі көз жұмды
Жол апаты 18 қарашада Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болған. Апаттан кейін жанармай таситын көлік аударылып, отқа оранған. Жалын көлікті де, жолға төгілген жанармайды да шарпыған.
Құтқарушылар өртті толық сөндірді. Көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды.
Қазір полиция апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.