Live

Қазақстанда Назарбаев орденінің ерекше мәртебесі жойылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды.

Назарбаев ордені

Соған сәйкес, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені иегерлері туралы мәлімет енді Қазақстанның Даңқ кітабына енгізілетін наградалар тізімінен шығарылды.

Атап айтқанда, заңдағы осы орденнің ерекше мәртебесін бекіткен 12-1-бап толығымен алынып тасталды. Бұған дейін аталған бапта орденнің құқықтық мәртебесі мен ерекшеліктері жеке қарастырылған. Енді орденнің сипаттамасы заңның 13-3-бабына көшіріліп, басқа мемлекеттік наградалармен бір қатарға қойылды.

Сонымен бірге орден Қазақстанның мемлекеттік наградаларының жалпы тізімінде сақталып қалды. Яғни, ол мемлекеттік награда мәртебесінен айрылған жоқ, тек заңдағы ерекше мәртебесі жойылды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз