Асқар Мамин штаттық жұмысқа шықты
Коронавирустық инфекция диагностикасыныңхаттамасына сәйкес қажетті мерзімін өткізген ҚР Премьер-министрі Асқар Маминөзін оқшаулау режимінен шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұлтуралы ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Садық Әкіжановмәлімдеді.
МаминніңCOVID-19-ға тапсырған тесті қатарынан екінші рет бойында вирус жоқ екенінрастады.
Оқшауланған білім министрі Асхат Аймағамбетов пен ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстарминистрі М.Мырзағалиевтер тапсырған тесттер де олардың вирустан таза екенінекінші рет көрсетті.
Осығанбайланысты Үкімет басшысы штаттық режимде кестеге сай жұмысқа кірісті.
Қазір Үкіметтің жиналыстары мен отырыстары селекторлы режимдеөтуде. Үкімет ғимараты мен министрлер үйінде санитарлық режим күшейді,қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмысқа көшті.