04:56, 21 Қыркүйек 2018
Астана фаворит Динамодан жеңілген жоқ
«Астана» футбол командасы Европа Лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. К тобына түскен Қазақстан чемпионын киевтік «Динамо» клубы өз алаңында қабылдады.
«Астана» фаворит есептелген украиналық командамен тең ойнады.«Астана» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий БАБАЯН Эрич (капитан), Аничич, Постников, Рукавина, Шомко, Кляйнхайслер, Маевский, Энрике, Томасов, Алмейда және Кабананга сынды фктболшыларды бастап шықты.Матчтың 11-ші минутында «Динамоның» жартылай қорғаушысы Юрий ЦЫГАНКОВ есепті ашты. Араға он минут салып астаналық Марин АНИЧИЧ гол соқты. Алайда қазақстандық клуб бірінші тайым соңында қақпашы Ненад ЭРИЧТЫҢ қателігінен Денис ГАРМАШ командасын алға шығарды. Екінші 45 минуттықта екі команда да гол соға алмады.Қосымша уақытта бапкер алмастырған Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман МҰРТАЗАЕВ гол соғып, «Астана» Киевте бір ұпайға ие болды.Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.Фото: fcastana.kz