Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:11, 28 Ақпан 2019

«Астана» командасында ешқандай революция болмайды»

Бүгін «Астана-Арена» стадионында  футболдан Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчук журналистерменан кездесті.
Алдағы 3 наурыз күні Алматыда «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. Ал 10 наурызда ел чемпионаты басталады. Осыған байланысты украиналық маман тілшілердің сауалына жауап берді.– Алдымен, командаға қайтып оралуыңызды түсіндіре кетсеңіз. – «Астанаға» оралғаныма қуаныштымын. Маған бұл жер әрдайым қолайлы. Адамдармен жақсы тіл табысып кеттім. Былтыр жазда кетіп қалуымның себебін сұрасаңыз, ол өткен күннің еншісіндегі әңгіме. Ол тақырыпқа қайта оралғым келмейді. Енді әріқарай әрекет етпекпіз. Бізді алда жақсы күндер күтіп тұр.– Маусымаралық үзіліс кезіндегі команданың трансферлік саясатына көңіліңіз тола ма?– Ешқандай негатив айтудың қажеті жоқ. Футболда әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Команда сапында маңызды рөлдерді атқарған ойыншылардың біразы кетіп қалды. Біз олар туралы айтып, шағымдана алмаймыз. Бұл – футболдағы өмір. Солай болу керек болды. Сондықтан олардың орнын басатын ойыншыларды табуға тырыстық. Әлі трансферлік терезе жабылған жоқ. Әлі де жаңа футболшылар алуымыз мүмкін. Дегенмен, командаға қосылған жігіттерге көңілім толады. Бұрыннан жүрген ойыншылар да бар. Олармен бірігіп, жаңа белестерді бағындыратынымызға сенемін.– «Астананың» ойын стилі өзгеруі мүмкін бе? Сіз кеткеннен кейін Григорий Бабаян қайтадан «Астананы» Стойловтың моделі бойынша ойнатқан болатын. – Мен қазір бұрынғы бапкерлердің жұмысына баға бере алмаймын. Өзімнің жеке көзқарасым бар. Бірақ ешқандай революция болмайды. Біздің ойын жан-жақты болуы үшін барымды саламын. Шамамыз келген жақсы жағына өзгеруге тырысамыз. сол жолда бізді көп жұмыс күтіп тұр.– Командаға жаңадан қосылған Лука Шимунович туралы айтып өтсеңіз.Лука Шимунович – жас футболшы. Болашағынан үлкен үміт күттіреді. Меніңще, ол командаға тез бейімделіп, ойыншы ретінде өседі деп ойлаймын. Бұл өте маңызды. Дәл қазір ол негізгі құрамда ойнауға лайықтылардың бірі. Луканы болашағымызды ойлап, қатарымызға қостық.  Оның талантын ашып, жақсы жағынан өзің көрсетуге көмектесеміз деп ойлаймын. Өз кезегінде Шимунович те «Астана» үшін көп пайда әкеледі деп үміт артамын.– «Қазақтың Мессиі» Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасынан кетіп қалды. Ол командаға келсе, күшейте ала ма?– Біз бұл ойыншының талантты екенін білеміз. Ол өзінің потенциалын толық  көрсетіп үлгерген жоқ. Қазақстанда легионерлерге лимит бар. Сондықтан жергілікті деңгейі жоғары ойыншылар кез келген командаға қажет. Ал бізге келер болсақ, мен ештеңе айта алмаймын. Маған командамда талантты ойыншылардың көп болғаны маңызды, оның ішінде көбісі қазақстандық болса тіптен керемет.– Алдағы Қазақстан Суперкубогынан не күтесіз?– «Қайрат» қайта жаңарып жатыр. Бас бапкері ауысты. Сондықтан ойын стилі өзгеретін шығар. Бұл енді басқа «Қайрат». Алматы командасына өздерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеуге тырысамыз. «Астана» мен «Қайраттың» бәсекелестігі әріқарай да жалғаса береді деп ойлаймын. Оның қандай деңгейде болатынын нақты айта алмаймын. Себебі, өзгерістер өте көп. Шындап келгенде, бұл титул. Сондықтан екі команда да аянып қалмасы анық. Жанкүйерлер ойыннан ләззат алады деп сенемін.– Кабананганың жағдайы қалай?– Былтыр ол үшін қиын маусым болды. Қазір бұрынғы бабына келуі үшін жұмыс істеп жатыр. Тынымсыз еңбектенетін болса, бұрынғы деңегейіне қайтып оралады. Кабанангаға тағар мінім жоқ. Оған көңілім толады.Фото автордікі.
Тегтер: