Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 07 Тамыз 2023

Астана Z және V белгісіне тыйым салуды ұсынды

None
None

Қазақстан билігі «этносаясиланған белгілері бар» тауарларға тыйым салуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап.

 

Егер бұл ұсыныс жүзеге асатын болса, Қазақстан аумағында «Вагнер» жеке компаниясының атрибуттарына, «Ресей армиясы», «Сыпайы адамдар» («Вежливые люди») деген жазуларға, сонымен бірге Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдауда пайдаланылған Z және V белгілеріне тыйым салынады.

Бас прокуратура өкілі Қуат Бапинов «2022 жылы орыс-украин жанжалы басталғаннан бері Қазақстанда киімдерге, ойыншықтарға және көліктерге Z, V белгілерін жапсыру, „Ресей армиясы“, „Сыпайы адамдар“ деген жазулар көбейді», — деді.

Осыған дейін Қазақстанда көліктерге Z белгісін жапсырып келген ресейліктерге жазуды мәжбүрмен өшірткен оқиғалар тіркелген. Елде бұл белгілерге ресми тыйым салынған емес, бірақ қоғам тарапынан наразылық бар.

Тегтер: