Астанада биіктіктен құлаған тағы бір альпинист ауруханада көз жұмды
Астана денсаулық сақтау басқармасы биіктен құлаған альпинистердің жағдайы туралы айтты.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 қазанда №2 қалалық ауруханаға құрылыс алаңынан биіктіктен құлау салдарынан зардап шеккен үш адам түскен.
«Үшеуіне де жарақаттар, қабырғалардың, жамбас сүйектерінің сынуы, ішкі ағзалардың жарақаты, т.б диагноз қойылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Түскеннен кейін зардап шеккендер жансақтау бөлімдеріне жатқызылып, жарақаттарына хирургиялық ем жүргізілді.
«Алған жарақаттың салдарынан 1999 жылы туған азамат 12 қазан күні сағат 17:40-та қаза тапты», - деді баспасөз қызметі.
13 қазандағы жағдай бойынша 1999 және 2002 жылы туған тағы екі зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қазан күні түсте Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт альпинист биіктіктен құлап кеткен болатын. Олардың арасында 1999 жылы туған үш альпинист және 2002 жылы туған тағы біреуі бар. 24 жастағы жұмысшының алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Астана қаласының Қалалық ортаны бақылау және сапасын бақылау департаменті альпинистердің құлау оқиғасын тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Олар болған оқиғаның себебін анықтайды, содан кейін барлық материалдар полицияға беріледі.