Без Категории

Астанада жұмысшылар тоғызыншы қабаттан құлап, бір адам қаза тапты

ПД оқиғаның мән-жайын анықтауда

құрылыс

Астананың құрылыс алаңдарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оқиға 12 қазан күні түстен кейін салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Жұмысшылар жоғарыда жұмыс істеп жатқанда техникалық жабдық бөлініп кеткен. Оқиға орнында 24 жастағы жұмысшы жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Қалған 3 жұмысшы ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 

Жұмысшылардың қауіпсіздігіне жауапты мекемеде құқық қорғау органдары "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 

 

Тегтер: құрылыс
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз