Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:14

Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасады

Н
Фото: скриншот

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды.

Медициналық қызметкерге күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша елорданың бір сауда орталығына келген. Онда мас күйінде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтып шағымданған.

Медиктер қажетті көмек көрсетіп, оқиға орнынан кетпек болған кезде, ер адамдардың бірі агрессивті әрекет жасап, фельдшерді ұрып жіберген. Оқиғаны көрген куәгерлер полиция шақырған.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция өкілдері төтенше қызметтердің қызметкерлеріне қарсы кез келген агрессия мен зорлық-зомбылық қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті. Қазақстанда қызметтік міндетін атқарып жүрген медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қоқан-лоққы көрсету немесе күш қолдану үшін жауапкершілік күшейтілген.

7 наурыздан бастап Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы күшіне енді. Бұл бап бойынша мұндай қылмыстар үшін айыппұлдан бастап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер: