спорт

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа автокөлік сыйға тартылады

Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Ербол Хамитовқа Chery Tiggo 7 автокөлігі сыйға беріледі.

Ербол Хамитов

Автокөліктің кілтін чемпион елге оралғаннан кейін кәсіпкер Нұрлан Смағұлов табыстауды жоспарлап отыр.

Еске салайық,  Ербол Хамитов Италияда өткен Паралимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 4,5 шақырымдық отырып жарысатын биатлон спринт-пасьютінде бірінші орын иеленді. Ол қашықтықты 9:39,0 уақытта бағындырып, екінші атыс шебінде бір рет мүлт кеткен.

Күміс жүлдені украиналық Тарас Радь иеленді. Ол біздің спортшыдан 21,5 секундқа қалып қойды. Қола медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырды (+32,5).

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

Юрий Березин екі мәрте мүлт кетіп, 19-орын алды (+3:30,4);

Сергей Усольцев бес қателік жіберіп, 23-орынға тұрақтады (+4:43,9).

Айта кетейік, 10 наурызда Ербол Хамитов осы Паралимпиададағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалін жеңіп алған еді. Ол шаңғы спринтінде қола жүлдеге ие болды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз