Астанада өткен америкалық Akon концертінде шоу да, шу да болды
Желтоқсанның 18-і күні Астанадағы Конгресс орталығында сенегалдық әрі америкалық әнші Аконнің концертті өтті. Сахнаға ұлттық киіммен шығып, қазақ жанкүйерлерін таң қалдырмақшы болған әнші соңында жанкүйерлерінің түрлі ықыласына бөленді, деп жазды Zhasalash.kz.
Әлеуметтік желіде де концерт барысынан түрлі бейнежазбалар тарап кетті. Олардың бірінде қазақстандықтардың өте ерсі іс-әрекеті түсіп қалған. Бейнематериалдарда рэпердің жанкүйерлерінің Smack That хит әнін орындау кезінде сахнаға іш киімді лақтырғанын көруге болады.
Желі қолданушыларын ашуландырған қыздардың бұл әрекетін тіпті қолдайтындар да аз емес секілді. Алайда қазақ аудиториясының басым көпшілігі қыздардың бұл әрекетін айыптап, қабылдай алмады.
«Әрине, қанша жерден керемет жанкүйер болса да, әншіге, өнерге деген құрмет болу керек емес пе? Өздерін ұстай алмағаны ма?», «Бұл дүние не болып кетті?», «Сұмдық, ұят» деп өз пікірлерін жазды.
Видеолардың бірінде «@akon концертінде күннің ыстық болғаны сонша, қыздар киімдерін шешуге бел буды» деп жазылған.
Жалпы дәл осындай тенденциялар әлемдік концерттерде жиі орын алып жатады. Әншілер өзінің жейдесін, бас киімін, сәндік бұйымдарын көрермендеріне лақтырса, қолдаушылар да дәл осындай заттарды лақтырады.
Бірнеше күн бұрын Алматыда түрлі елдердің жанкүйерлерін жинаған танымал американдық әртіс 50 Cent-тің де концерті өтті. Өнер көрсету барысында әнші өзінің сахналық киімдерін сан мәрте өзгерткен. Хип-хоп әртісі көрермендерді қуантуға шешім қабылдап, ақ қалпағын көпшілікке лақтырған. Кейіннен бас киімді қағып алған көрерменге түрлі бағалы мүлік пен қаражат ұсынылғаны көпшілікті таңғалдырды. Осындай әртіс пен көрермен арасындағы ыстық ықылас пен байланыс, сүйіспеншілік кез келген өнер саласы үшін керемет бағаланады.
Концерттерде зат лақтыру құбылысы өнер мен мәдениетте қалай түсіндіріледі?
Адамдардың эмоциясын тарту құбылысын бұл жағдайда сәйкес келеді. Концерттерде көрермендер музыка мен атмосфераның әсерінен күшті эмоцияларды бастан кешіреді. Заттарды лақтыру ынта мен эмоционалдық қатысудың көрінісі, әртіске сүйіспеншілік пен қолдау көрсету әрекеті болуы мүмкін.
Дәстүр мен символизм: Кейбір жағдайларда заттарды лақтыру белгілі бір әртістің немесе әннің дәстүріне, символына айналады. Мысалы, жанкүйерлер біреудің сахнаға бірдеңе лақтырғанын көрсе, бұл басқа да концерттерде қайталанатын рәсімге айналуы мүмкін.
Назар аударуды қалау: аудитория мүшелері әртістің назарын аудару үшін немесе жай ғана ерекшелену үшін заттарды лақтыруы мүмкін. Бұл әрекет өнер адамымен қарым-қатынас жасау әрекеті болуы мүмкін.
Әлеуметтік трендтер және қоршаған ортаның әсері: кейде заттарды лақтыру қоршаған орта мен әлеуметтік трендтердің әсерінен болуы мүмкін. Егер ұқсас көріністері бар бейнелер немесе фотосуреттер әлеуметтік желілерде вирустық сипатқа ие болса, бұл басқа көрермендерді дәл осылай басқа концерттерде қайталауға итермелейді.
Аконның Астанадағы концерті жағдайында заттарды лақтыру көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушыларының күтпеген әртүрлі реакцияларын тудырды.