09:28, 24 Наурыз 2020
Астанада түске дейін үш адамнан коронавирус табылды
Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Сейсенбі таңертеңнен бері қалада осымен үшінші адамнан коронавирус анықталғаны хабарланып отыр.
Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 68 адамға жетті. Алматыда — 29 адам, Нұр-Сұлтанда — 35 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.
Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.