Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:52, 04 Желтоқсан 2023

Астанадағы Есіл ауданын безендіру үшін 848 млн теңгені Көлгіновтың тұсындағы тұрақты жеңімпаз жеңіп алды

безендіру
Фото: из открытых источников

Астанада жалпы құны 848 миллион теңгеден асатын Есіл ауданын мерекелік безендіру конкурсын, елорда әкімі Алтай Көлгінов болған кезеңде осындай конкурстарды ұдайы жеңіп отырған компания жеңіп алды, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

«Тапсырыс беруші Астана қаласы «Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы - елді мекенді/ауданды/қаланы мерекелік және басқа да іс-шараларға дайындау/көркемдеу жөніндегі қызметтер; жоспарланған сома - 848 214 285,71 теңге; лоттың мәртебесі - сатып алу», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 6 қараша мен 9 қараша аралығында қабылданып, жеңімпаз «Новая Левел» ЖШС деп танылды. Оның басшысы «Компра» (контрагенттік сенімділік қызметі) бойынша Николай Юрьевич Боровинский.

Айта кетейік, «Новая Левел» ЖШС Көлгінов Астана әкімі болып тұрған кезеңде бірнеше рет осындай байқауларда жеңіске жеткен болатын.

Техникалық шарттарға сәйкес, қараша айының бірінші он күндігінің соңында өтетін байқауға қызмет 31 желтоқсанға дейін көрсетілуі тиіс.