Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 16 Қазан 2023

Астанадағы сауда дүкенін жалған чекпен алдаған күдіктілер ұсталды

жалған чек
Фото: из открытых источников

Астанада жалған чекпен саудагерлерді алдаған күдіктілер ұсталды.

Астанада Telegram-арнасындағы чат боттар арқылы ақша аударымы туралы жалған чекті жасап, сауда қызметкерлерін алдаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Чекте аударым сомасы, уақыты және қаражат аударылған адамның аты-жөні көрсетілген. Осыған жеке кәсіпкерлер жиі алданып отырған. Мәселен, Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Әйел күндізгі уақытта Маметова көшесіндегі шағын маркетке барып, 28 500 теңгеге азық-түлік алған. Алайда ол кассада төлем жасаған сыңай танытып, қолдан жасалған чекті көрсетіп, кетіп қалған. Осыған ұқсас алаяқтықтың тағы бір фактісін Байқоңыр ауданының полицейлері анықтаған.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, 32 жастағы қала тұрғыны Алаш тас жолында орналасқан көтерме бағада тауар сататын қоймаға келіп, бірнеше рет тауар алған. Осылайша ол саудагердің сеніміне кіріп, 378 мың теңгеге сауда жасаған. Сосын ол жалған ақша аударымының скриншотын көрсетіп, тауар үшін есеп айырылысқан. Кейін алаяққа алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласқан.

Барлық алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тегтер: