14:49, 10 Қаңтар 2024
Астанадағы вокзал атаулары өзгереді

Елордадағы екі вокзалдың да атауы өзгертілмек. Көлік министрлігі ұсыныстарын қоғамдық талқылауға шығарды.
Қаулы қабылданса, «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалының атауы «Астана» вокзалы, «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» вокзалының атауы «Нұрлы жол» болып қайта аталмақ.
Жалпы, Республика бойынша 10-нан астам станцияның атауы қазақшаланады. Қазақстандықтар Ашық үкімет порталында өзгертулерге байланысты сауалнама толтырып, пікір білдіре алады.