Асылхан Әбдірайымұлы: Түркістанға көшіп баруды жоспарлап отырмын

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай "Ұлы даланыңТүркістаны" атты республикалық фотоэкспедиция ұйымдастырылды.
Облыстық ішкісаясат басқармасының қолға алуымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауыменөткен шараға белгілі фототілші, «Фотоөнер»қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ бастаған Нұр-Сұлтан, Алматы,Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан жәнеТүркістан облысынан 15 кәсіби фототілші қатысты. Олардың арасында Балмұрат ОРЫНБАЙ,Оңғарбек АЛХАРОВ, Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ, Айтжан МУРЗАНОВ, Қайрат ШАЛТАҚБАЕВ және өзгеде танымал фотографтар бар.
-Экспедиция бес күнішінде облыстың 10 ауданын аралап шықты. Табиғаттан, тарихи орындардан бастап,ауылдың, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрін түсірдік. Бүгін осы еңбектер Түркістанда өткен фотокөрмеге қойылды,- деді бізге бергенсұхбатында Асылхан Әбдірайымұлы.
Көрмені облыс әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ те аралап көрді. Фототілшілердіңтуындылары 22 маусымда Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ Түркістанға сапарыбарысында көпшіліктің назарына тағы ұсынылатын болады.
Тағы бір жаңалық, осы күні Түркістанда фотоөнерорталығының тұсауы кесілді. Оған Асылхан Әбдірайымұлы жетекшілік етпек. Жетекші Түркістанға біржолата көшіп келуді де жоспарлапотыр.
-Бұл орталықтыңалға қойған мақсаты-фотосуретшілерді оқыту, тәжірибе алмасу, соларға арнап шебереліксабақтарын өту, жалпы осы арқылы Түркістандағы туризмнің дамуына үлес қосу. МенТүркістанға біржолата көшіп келсем деп отырмын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетіндегі оқытушылық қызметімді енді Түркістандағы қазақ-түрікуниверситетінде жалғастырып, осы оқуорнындағы журналист мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге фотожурналистикадандәріс берсем деп отырмын,-деді орталық жетекшісі.
Айта кетері, Түркістан Асылхан Әбдірайымұлының туғанжері. «Жас Алаш» газетінде ұзақ жылдары бойы еңбек еткен.
-Туған қаламныңдамуына титтейдей болса да үлес қосуды көптен бері жоспарлап жүрген едім, — дейдітанымал фототілші.
Фотоларды авторұсынды.