Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:29, 18 Ақпан 2019

 «Атажұрт еріктілері» Қазақстандағы ұйғырларды бірге күресуге шақырды

АҚШ-ғы Вашингтон қаласынан шығатын «Еркін Азия» радиосында «Атажұрт еріктілері» Қазақстандағы ұйғырларды бірге әрекет етуге шақырды»  Qaznet-те қызу талқыланып жатыр.
Бұл мақала 13-ақпан күні жарияланған еді. Қытай, жапон, кәсір, парсы, араб, ағылшын, ұйғыр тілдерінде ақпарат таратын «Еркін Азиядағы» мақаланы «Жас Алаш» қысқартылған түрде аударып ұсынып отыр.Ұйғыр елінің Іле облысынан Қазақстанға көшіп барған бір сыпыра қазақ жастары тарапынан құрылған «Ата жұрт еріктілері» атты ұйымның жүргізген жұмыстары жуықтан бері ел назарын аудара бастады.Белгілі болғандай, бұл ұйымның қытайдың жаза лагеріндегі қандастарын құтқару мақсатындағы Қазақстанда жүргізіп жатқан жұмыстары нәтижесінде лагерьдегі бір сыпыра қазақ тұтқындары босап шыққандығы мәлім болуда. Олардың арасында қазақтардан басқа  аз санды ұйғыр, қырғыз, татар және басқа ұлт өкілдері де бар екендігі белгілі болды.Біз жақында «Атажұрт еріктілерінің» Алматы қаласындағы кеңсесін көріп қайттық. Онда арыз берушілердің үздіксіз келіп жатқандығын, олардың арасында жергілікті ұйғырлардан басқа және қырғызстандық ұйғырлардың да келгенін көрдік. Қазірше өз есімдерін айтқысы келмеген бұл арызданушылар қытай лагерьлерінде жатқан туыстарын құтқару үшін бұл ұйымға келгендерін, лагерьде жатқан туыстарының тағдыранан қатты алаңдайтындығын айтады.«Атажұрт еріктілері» атты ұйымның бастығы Серікжан БІЛӘШҰЛЫ «Қазақтардың қытай үкіметіндегі лагерьлерге қамалуына бірнеше себеп бар. Солардың бірі ондағы қазақтардың ұйғыр халқымен тым жақын қарым-қатынасы. Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайы ашылудан екі күн бұрын мен Америкадағы «Еркін Азия» радиосының ағылшын және қытай бөліміне «Қарамай» қаласындағы қазақтардың ұйғыр достары болғандығы үшін тұтқындалып жатқандығы жөнінде мәлімет бердім. Қытайдағы қазақ және ұйғыр ұлттары бір-бірімен тусқандай болып кеткен. Сол жердегі қазақтар ұйғырларды көрсе қытайдың қысымынан қорқып, тіпті, сәлемдесуден де үрейленіп отыр. Бізге арыз жазып жатқан қырғыздардың саны 20-дан асты. Ұйғырлар одан да көп. Күннен күнге көбейіп келеді. Қазір осы арыздар негізінде түрмеден шыққан ұйғырлар 20-дан асты. Кеше біз арызданушыларды жерге, ұлтқа және нәсілге бөлмейміз деп жарияладық. Олардың туысқандары түрмеде отыр. Өлі-тірісінен де байхабар. Бұл туралы Қазақстанда ешқандай ақпарат бергізбей отыр. Мысалы, Халида АҚЫТҚАН өзі қазақ. Бірақ оның үш келіні де ұйғыр. Оның күйеуі осы қайғыдан 2018 жылы қайтыс болды. Қазір мұндай оқиғалар өте көп» — дейді. Біз Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Халида Ақытқаннан да сұхбат алуға бардық. 1954 жылы Ұйғыр елінде туылған Халида 2006 жылы Қазақстанға келіп азаматтық алған. Ол «2018 жылдың 2-айында үш ұлымды төрт айлық саяси үйрену орталығына алып кеткен. Сосын үлкен келінімді, іле-шала қалған екі келінімді де үйренуге әкетті. Ұлдарымның есімі Сатыбалды, Оразжан және Ахметжан. Әкесінің есімі Рақымберген. Әлі күнге дейін олардан хат-хабар жоқ. Үш ұлымнан 14 немерем бар. Олардың қайда кеткенін де білмеймін. Мен Қазақстан президентіне, сыртқы істер министірлігіне де бұл жайлы хат жаздым» дейді. Өткен ғасырдың 60-жылдары Ұйғыр елінен Қазақстанға ұйғыр халқы да қоныс аудара бастады. Олардың басым көбінің Ұйғыр елінде тусқандары қалған. Енді солардың тағдыры алаңдатып отыр. Қазір Қазақстандағы ұйғыр өкілдері не үшін сол туыстары құтқаруға ұмтылмайды, не үшін солар жайлы арыз бермейді деген сұраққа жуап іздеп жатырмыз.Серікжан Біләшұлы бұл туралы «Қытай оншама құдыретті ел емес. Атақты империя болған Совет одағы да ыдырады. Сол секілді күні ертең Қытайдың да бөліне бастағанын көруіміз әбден мүмкін. Сондықтан ұйғыр ұлты да лагерьде жатқан туыстары жайлы сөз айтуға хақылы» дейді. Ол тағы ұйғырлар мен өзге ұлт өкілдерін қытай жаза лагерінде жатқан қандастарымызды азат ету жолында бірге күрес жасауға шақырды.Қазақстандағы ұйғырлар қазақтардың «Атажұрт еріктілері» секілді ұйым құрып, жаза лагерьлерінде жатқан туыстарын құтқаруға ат салысуы керек. Бұл ұйым Қазақстанда құрылып, Қазақстанда жұмыс жүргізуге мүмкіндігі бар ма?Сұхбат берген ұйғыр өкілі Тұрсын Қажы Арзиев «біз де бір қоғамдық қор құрып ұйғыр халқының хал-ахуалынан хабар берсек болар еді. Бірақ бұған мүмкіндігіміз шектеулі» дейді. Тағы ұйғыр ұлтының өкілі Қаһарман Қожамберді " Атажұрт еріктілері жақсы жұмыстар атқарып жатыр. Өйткені олардың сүйеніш болар мемлекеті бар. Барлық арызданушылардың сол ұйымға барғаны дұрыс" дейді.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫФото: rfa.org
Тегтер: