Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:25, 26 Желтоқсан 2023

Атырау МӨЗ экс-басшысы Шухрат Данбайға үкім шықты

АМпЗ
Фото: из открытых источников

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға және кәсіпорынның сатып алу департаментінің бұрынғы директоры Қанат Сейдуалиевке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Атырау сотында прокурор Данбайға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Сейдуалиевке мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған болатын.

Оларға сотта "Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді" деген шешім шықты.

Нәтижесінде Данбайға 4,5 жылға бас бостандығын шектеу, ал Сейдуалиевке 3,5 жыл бас бостандығын шектелмек.

Тегтер: