Атырауда адамдарды қасақана ВИЧ жұқтыру ісі: тергеу барысы айтылды
Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырауда ВИЧ-инфекциясын қасақана жұқтыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы туралы мәлімет берді
"Атырау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір тұрғындарының бірінің ВИЧ-инфекциясын қасақана жұқтыру фактісін анықтады. Қазіргі уақытта ол күдікті ретінде танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Міндетті түрде осы қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізіледі", - деді ол Мәжілістегі брифинг барысында.
Санжар Әділовтің айтуынша, тергеу әлі де жалғасуда және басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталуда.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар өздерінде ВИЧ-инфекциясы бар екенін біле тұра және арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, трансгендер тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.