Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Атырауда барда болған төбелестен екі ер адам ұсталды

1
Фото: скриншот видео

Атырау қаласындағы түнгі барлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

 Куәгерлердің айтуынша, жанжал бардың дәретханасында басталған. Екі ер адам бір азаматқа жабылып, соққыға жыққан, ал шабуыл жасағандардың бірі жәбірленушіні ерекше қатыгездікпен ұрған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтың жағдайы белгісіз. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен ресми түсініктеме алу әзірге мүмкін болмады.

Аталған оқиғаға қатысты ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 18 қаңтар күні болған. Сол күні 102 пультіне барда төбелес шыққаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады.

Аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тегтер: