«Пакет кигізіп, тұншықтырды»: Атырауда кінәсіз ер адамды соққыға жыққан 5 полицей сотталды
Атырауда бес полицей қала тұрғынының мойындауын талап етіп, соққыға жыққаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
2023 жылдың ақпан айында құқық қорғаушылар ер адамды үйден алып шығып, ұрып-соғу фактісіне қатысы барын мойындатқызбақшы боп, қатты қысым көрсеткен. Жәбірленушінің көзі мен құлақ қалқанына зақым келіп, өте қатты жарақат алған.
Нәтижесінде екі полицей қатысушы деп танылып, оларды 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ал ұрып-соққан үш адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда бұрынғы судья Асқар Дарбаев 9 жыл түрмеде отырған. Ол жергілікті кәсіпкерден 19 миллион теңге пара талап етті деп айыпталды. Судья 2022 жылдың жазында ұсталды. Ол орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтемек.