Бүгін, 09:28
Атырауда отбасы мүшелерін өлтірді деген күдіктіге қосымша айып тағылды
Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген азаматқа тағы бір бап бойынша айып тағылды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамды өлтіру», сонымен қатар «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық» баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған. Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.