Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:20, 06 Желтоқсан 2023

Атышулы "Олимп ісі" бойынша тағы бір күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Олимп
Фото: из открытых источников

6 желтоқсан күні Бас Прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесінің Сербиядан экстрадициялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 18 қарашада "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты істегі күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған.

"Бүгін бас прокуратура, қаржы мониторинг агенттігі және ІІМ-нің "Интерпол" қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербиядан экстрадициялады" деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, эстрадицияланған күдіктілер 2014-2019 жылдары "қылмыстық топ мүшесі ретінде заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған", "қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар" деген күдікке ілінген. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген шығын 86 млрд теңге деп айтылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, кейіннен күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған.

Күдіктілердің кінәлері толық дәлелденсе, олардың мүліктері тәркіленіп, 3-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сербиядан келген күдікті Астана тергеу изоляторына қамалған.