12:17, 11 Қазан 2021
Аттракционнан секіріп мерт болды: ұйымдастырушылар 8 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қарағанды полицейлері роупджампинг аттракционынан секірген 33 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» .
Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болды. Дәрігерлер жәбірленушінің өмірі үшін күрескенімен, құтқара алмады.
"Қылмыстық іс жаңа ашылған мәліметтерге байланысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігінен 3-бөлігіне өзгерді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын анықтайды және қауіпсіздік ережелерін тексереді", — деді полиция өкілдері.