12:47, 08 Сәуір 2020
Атырау мен Қызылорда облысында жеті адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 8 сәуір таңертеңгі сағат 8:45-те Атырау облысында — 4, Қызылорда облысында 3 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Науқастар саны 704 адам болды.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 222
- Алматы қаласы – 119
- Қызылорда облысы – 69
- Қарағанды облысы – 55
- Жамбыл облысы – 45
- Ақмола облысы – 42
- Түркістан облысы – 33
- Атырау облысы – 36
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Шымкент қаласы – 20
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 10
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Маңғыстау облысы – 5
- Қостанай облысы – 3
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Павлодар облысы – 1
Қазақстанда коронавирус табылған уақыттан бері 51 адам (Нұр-Сұлтанда — 28, Алматыда — 21, СҚО-да — 1, Ақтөбе облысында — 1) жазылған. 6 адам қайтыс болған.