09:19, 06 Қаңтар 2023
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық 25 трасса әлі ашылған жоқ
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 25 жол жабық күйінде қалып отыр.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясындағылар мәлімдеді.
Соңғы дерек бойынша Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында автожолдар жабық тұр. Арнайы 644 техника мен 1100 жолшы құбылмалы ауа-райы салдарын жоюда. Кей жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді.
Ақмола облысында көлік қозғалысына енгізілген шектеу толығымен алынды.
Шығыс Қазақстан, Жетісу және Қарағанды облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарында жағдай әлі де күрделі. Мысалы, тек ШҚО өзінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесі жабылды
— делінген мәліметте.