Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:44, 23 Қараша 2023

Ауа сатып жүр: Қазақстанда «инфосығандарға» қарсы петиция құрылды

петиция
Фото: из открытых источников

Қазақстанда «инфосығандарға» қарсы онлайн петиция басталды, құжат авторлары биліктен пайдасыз курстарды сатқаны үшін блогерлерге қатысты жазаны күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Zhasalash.kz. 

Бұл петицияның авторы Серік Әбішев бүгінде елде блогерлер мен ықпал етушілер күшейіп келе жатқанын, соның кесірінен көптеген адамдар ақшасын жөн-жозықсыз шашып, пайдасыз тікелей эфирлерді сатып алып жүр деп күйінді. 

Әбішев пайдасыз ақпараттық өнімдерді жасау және сатумен байланысты әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік беретін заңнамалық шараларды қабылдауды, сондай-ақ халықты осы мәселе бойынша түсіндіруді бастауды талап етеді. "Желіде өздерін бизнес-коуч, жаттықтырушы, мотиватор, сарапшы ретінде көрсететін азаматтар жалған уәде беріп, құндылығы жоқ өнім сатып жатыр" дейді автор. 

«Бұл адамдар өздерін сарапшы ретінде көрсетіп, пайдасыз ғана емес, шындыққа жанаспайтын, тіпті зиянды ақпаратты насихаттайды. Сонымен қатар, елімізде инфосығанның таралуы шын мәнінде құнды ақпараттық өнім беретін нағыз сарапшылардың беделіне кері әсерін тигізуде» делінген Alash.online сайтында жарияланған петиция мәтінінде.