Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 09 Қыркүйек 2024

Аударыспақтан Қазақстан құрамасының барлық спортшысы финалға өтті

п
Фото: gov.kz

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының барлық спортшысы финалға өтті.

Жарысқа 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді.

Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Қазақстан намысын қорғап жатқан Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев финалға өтті.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 7 спорт түрінен бақ сынайды. Олар: көкпар, дәстүрлі садақ ату, аударыспақ, мас-рестлинг, асық ату, кураш және қазақ күресінен сынға түспек.