Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:38, 16 Шілде 2020

Ауруханаларға оттегі станциялары орнатылады

Шымкентқаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Оларқалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және№2 көпсалалы ауруханада.

Аталған әр медицина мекемелерінде 50 оттегі төсек-орныашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында оттегі  өндіретін тағы бір цех іске қосылатынын атапөтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ.

Сонымен қатар ол қаладағы оттегі өндіретін ірі 3станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Оның айтуынша, жалпы қалада 722 оттегілік төсек-орын бар.

Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханаға бір күнде 1200оттегі баллоны қажет.

Тегтер: