Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 28 Шілде 2023

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов отставкаға кетті

None
None

Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы кіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Құрманов бұл қызметті 2019 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

Рүстем Құрманов 42 жаста, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасы экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

Осы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, агроөнеркәсіп кешенінде комитет хатшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы маусымға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды, кейін «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Тегтер: