Ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылды

Шымкенттеауыр жүк көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды. Қаланың орталық көшелерінде жүккөліктерінің жүрісін шектеу мақсатында қала әкімдігі мен полициядепартаментінің мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Ондағы мақсат — Шымкент қаласының орталық көшелеріндекөлік қозғалысын оңтайландыру, кептелістерді болдырмау, жол-көлік оқиғаларыналдын алу және асфальт қабатының бұзылмауын қамтамасыз ету.
Мегаполисте шілде айынан бастап қала аумағында ірігабаритті ауыр жүк көліктерінің жүрісіне, үлкен салмақты жүк көліктерініңайналма жолын және орта-кіші жүк көліктерінің жүрісіне ішкі айналма жолдарұйымдастырылып, тиісті жол белгілері орнатылды.
Сонымен қатар, қаланың ішінде құрылыс нысандары, зауыт,фабрика, қоймалар, өндірістік нысандардың шоғырлануына орай құрылыс заттары ментауарларды тасымалдауға жағдай жасау мақсатында қала аумағындағы ішкі айналмажол – Т.Рысқұлов, Әл-Фараби көшелері, Темірлан тас жолы, С.Қожанов, Мәделіқожа, Жібек жолы, Ұ.Арғынбеков, Сыпырған ата, Т.Өтегенов көшелері арқылыұйымдастырылып, жүк көліктерінің салмақты көтеруін 5 тоннаға дейін шектеуқойылды.