09:43, 04 Қараша 2023
Автобустың астына түскен 45 жастағы адам мерт болды

Қарағанды қаласының орталық көшесінің бірінде автобус жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Шағын автобустың 39 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға кезінде автобуста 15 жолаушы болған, бірақ зардап шеккендер жоқ. Болған істің мән-жайы анықталып жатыр. Факті полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Алдын ала тексерулер нәтижесі бойынша, жаяу жүргінші автобустың астына өзі секіргені белгілі болды. Оқиғаның қалай орын алғаны автобусқа орнатылған Қайғылы жағдай автобусқа орнатылған бейнебақылау камераларына жазылған.