12:50, 23 Қараша 2023
Аягөзде 4 баласынан айырылған отбасыға Өскеменнен екі бөлмелі пәтер берілді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев брифингте Аягөзде қаза тапқан 4 баланың ата-анасына көрсетілген көмек туралы айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Аудан әкімі – менің бірінші орынбасарым отбасының қасында болып, толық көмек көрсетті. Қазір оларға уақытша толық техникамен жабдықталған екі бөлмелі пәтер берілді. Желтоқсанда отбасы сұрап отырған Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар тіркеуде Өскеменде тұр. Көмек көрсетілді және көрсетіле береді», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Еске салсақ, 2023 жылғы 25 қазанда Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінен өрт шығып, төрт баланың денесі табылды. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың даму барысын қадағалауда