Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:01, 27 Қазан 2023

Аягөзде 4 ұлынан айырылған әке жанайқайын жеткізді

ам
Фото: из открытых источников

Абай облысының Аягөз қаласында 4 баласынан айырылған Бауыржан Жұмағазы мемлекеттен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлуді сұрайды, деп хабарлады Zhasalash.kz.

Абай облысының Аягөз қаласында 4 баласынан айырылған Бауыржан Жұмағазы мемлекеттен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлуді сұрайды, деп хабарлады Zhasalash.kz.

Төрт баланың әкесі Бауыржан «Қазығұл» ауруханасында көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ал анасы  болса үй шаруасында, ара-тұра базарға барып сүт сатып, тиыннан тиын құраған.  Отбасы әке-шешесінің үйінде тұрған. Баспананың көлемі – 70-80 шаршы метр. Төрт баланың екеуі мектепте 1-2 сыныптарда оқыған.

Халықтың қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға 25 қазанда болды. Дәл мереке күні Арнұр, Нұрасыл, Батыр, Рамазан есімді бір үйдің төрт ұлы кенеттен көз жұмды.

«Әйелім сүт сатуға кеткен. 4-5 литр сүт сатады, литрі 500 теңгеден. Өзімнің айлығым – 100 мың теңге. Бір шетінен шығайын, тиындап болсын ақша табайын деген ниеті ғой. Балаларыма мемлекеттен айына 55 мың теңге әлеуметтік көмек алып келдік», - деді Бауыржан Жұмағазы.

Қайғылы оқиға болған күні үйде пеш жағылмаған. Күлін алып, от жағуға дайындап қойған.

«Келіншегім сіріңкені балалардан таса жерге ылғи тығып қояды. Сол күні ғана пешке от жақпағанбыз. Ешкім жоқта балалар сіріңкені тауып алып жағып ойнаған ғой. Бұндай сұмдықтың боларын сезбеппін. Ең болмаса түс көрсемші. Жұмыссыз қалсам да балаларымның қасынан аттап шықпаушы едім», – деді қайғыдан қан жұтқан әке.

Ал мектеп мұғалімдері оқушылардың күтімі жақсы болған дейді. Екі оқушының сабақ үлгерімі мен тәртібі өте жақсы, киімдері мұнтаздай таза болған деседі.

«Ішіміз алай-дүлей, есімізді жия алар емеспіз. Біз үшін өте ауыр соққы болды. Сол күні мереке емес, сабақ болса оқушыларымыз аман болар ма еді деп те ойлаймыз», – деді оқушылардың сынып жетекшілері.

Аталған оқиғаға жазатайын фактісі бойынша Аягөз аудандық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Тегтер: